Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қара етін сатқан": тек есек бағатын шымкенттік, оның етін жонып, басы мен тұяғын көміп қойған (Видео)

"Қара етін сатқан": тек есек бағатын шымкенттік, оның етін жонып, басы мен тұяғын көміп қойған (Видео)
Сурет: Видеодан скриншот
Шымкент тұрғыны есектің қарын-ішегіне дейін қапқа салып, шұңқырға тастаған

Шымкентте тек есек малын бағатын тұрғын оны сойып, аяқ-сирағын шұңқырға көміп қойған. Бұл туралы куәгер видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде бөліскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аталмыш видеодан есік алдында жайылып жүрген ондаған есекті көруге болады. Автордың айтуынша, тұрғын есекті жайдан-жай бағып жүрген жоқ. Ол есектің аяқ-сирағы мен қарын-ішегін қапқа салып, шұңқырға тастаған. 

“Сіздерге дәлел керек болса міне. Есектің аяқ-сирақтары бәрі тұр. Шұңқырдың ішінде қарындары жатыр. Есектер жүр, мал сойылып жатыр. Құдайдан қорықпайтындар-ай”,- дейді автор видеосында. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар