Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Маған күйзеліс болды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді

"Маған күйзеліс болды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді
Назым Қаһарманның Instagram-парақшасынан. Суретте: Назым Қаһарман
Назым Қаһарман: "Салтанаттың отбасына тағы да көңіл айтамын".

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың балаларының анасы Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікірін білдірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Ол бұл сот процесінің өзі және балалары үшін оңай кезең болмағанын айтады. 

"Бір жағынан әйел, осы елдің азаматы ретінде ашық сотты қолдадым. Себебі, бұл процесті қоғамның сауығуы бір қадам деп қабылдаймын. Ал екінші жағынан, сот балалар мен маған күйзеліс болды, неге десеңіз онда адамшошырлық мән-жайлар белгілі болды. Балалар мұны қабылдап, әрі қарай да өмір сүруі керек. Әлемдегі бірде-бір балаға мұны тілемеймін. Сондықтан бәрі аяқталғаны үшін жеңілдедік.

Менің ойымша, алқабилер соты істің барлық ашық және жабық материалын қарап, саналы және дұрыс шешім қабылдады. Салтанаттың отбасына тағы да көңіл айтамын", - деді Назым Қаһарман.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар