"Сулы сүлгімен ұрған": енесінен қан-жоса боп "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келінге қатысты тәтесі сұмдық жайтты айтты (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 мамыр, 2024
- 9.6k
Енесі мен қайын апаларының өлімші етіп сабағанын айтқан қызылордалық келіннің тәтесі сіңлісі жайлы адам шошырлық деректермен бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Сіңлім жылай береді "неге бұлай болды" деп. Соңғысында 2 баласымен қосылмаймын деген кезде, өз мамасы мен дәу мамасы ақылын айтып, қосып жіберген. Ол кезде де ұрған. Бірақ ұрғанын дәлелдей алмадық. Сүлгімен ұрады екен. Із қалмасын деп. Сол кезде сіңлім айтатын "тәте бір оянсам столдың астында, қуыста жатам. Соққының тигенін білем, бірақ киіннен ауырады денем" дейтін. Терісі қара ғой, көгергені білінбейді. Сол үйге барғалы тапты ғой ауруды. Өзі зобпен ауыратын. Қазір сол зобы да қозды", - деген ол сіңлісінің қасында ауруханада анасы мен сіңлісі барын айтады.
Күйеуі болса, ауруханаға келем дегенге дейін бүкіл дәлелдерді өшіртуге көндіріп баққан екен.
"Кеш болмай тұрғанда видеоларды өшір" депті күйеуі. "Оны мен емес, тәтелерім салып отырған" депті. Бірақ күйеуі ауруханаға барғанша өмірде айтпаған сөздерін айтыпты "жаным, күнім" деп "оқытып" қойыпты. Сол не айт десе сіңлім соны айтыпты", - дейді тәтесі.
Қызылорда облысы Полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдірді.
"Биыл 12 мамырда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 1996 жылы туған азаматша дене жарақатымен келіп түскен. Осы оқиға бойынша азаматша А.Қ. арызы негізінде қайын апасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы рәсімделіп, жәбірленушінің дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасынан өтуге қаулы берілді", - делінген жауапта.
Еске сала кетейік, бұған дейін қан-жоса болып, төсекте жатып, өзінің қайын апалары мен енесінен "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келін жайлы жазған болатынбыз.