Қоғам

Сот үкіміне келіспеген Бишімбаевтың адвокаттары аппеляциялық шағым түсіретіндерін айтты

Рамазанова да сот қатал шешім шығарса, апелляцияға беретінін мәлімдеген болатын.

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп 24 жылға бас бостандығынан айрылған Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бишімбаевтың қорғаушылары сот үкімімен келіспейтінін жеткізген адвокаттар жақын арада алқабилердің шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. 

"Жоқ, мен үкіммен келіспеймін. Апелляцияға береміз", — деді Бишімбаевтың екінші қорғаушысы Назкен Құсайынова.

Сот шешімі шықпай тұрып қорғаушы Ләйлә Рамазанова да сот қатал шешім шығарса, апелляцияға беретінін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылған бұрынғы министрн Қуандық Бишімбаевқа сот 24 жыл түрме жазасы тағайындаған. Ал оның қылмысын жасырғаны үшін Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.