Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Байжанов бір жылдан кейін бостандыққа шыға ала ма?

Байжанов бір жылдан кейін бостандыққа шыға ала ма?
Жоғарғы сот. Суретте: Бақытжан Байжанов
Маманның айтуынша, судья «бұл адам неше жылда түзеліп шығады?» деген сұраққа жауап беру арқылы үкім шығарады.

4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов бір жылдан кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға өтінішхат бере алады. Бұл қылмыстық кодекстің 72-бабында айқындалған. Мұндай пікірді Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында заңгер Алмас Жұмағали айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

«Аса ауыр қылмыстыр бойынша хабарлауға міндетті екенін мектеп жасындағы баладан бастап білуі керек. «Туысым» деп білімсіздігі салдарынан сотталып жатқандар көп. Қылмысты хабарлау міндеті барлық адамға жүктелмеген. Біріншіден, жақын туысы болса, хабарлауға міндетті емес. Байжанов пен Бишімбаев бұл тізімге кірмейді. Екіншіден, әйелі не күйеуі хабарлауға міндетті емес. Үшіншісі – діни қызметкер. (...) Байжанов адамның дәрменсіздігін, ұрып-соққанын көрді. Байжановтан періште жасамауымыз керек, ол да қылмыскер. Туысқанына болысамын деп, басқа біреудің өмірін қиып жіберуге болмайды», - дейді заңгер.

Маманның айтуынша, судья «бұл адам неше жылда түзеліп шығады?» деген сұраққа жауап беру арқылы үкім шығарады.

Байжановтың жазасын ауырлататын мән-жай жоқ екені айтылды. Ал жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған үш баласының бар екені аталды. Байжановтың «неге кінәсі жоқ адамды соттадыңыздар?» деген сөзі – қазақстандықтардың көп азаматына тән құбылыс. «Кінәм жоқ» деген ой. Шын мәнінде нағыз қылмыс құрамы бар, - дейді заңгер.

Айтуынша, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адам жаза мерзімінің 2/3 бөлігін өтегеннен кейін ғана мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға өтінішхат бере алады.

Байжанов 4 жылға сотталды, ол 6 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін еді. Демек, ол – ауыр қылмыс. Байжанов жаза мерзімінің жартысын отыруы керек. Тергеу изоляторындағы 7 ай түрмедегі бір жылға жуық уақытқа тең. Енді бір жыл отыруы керек, содан кейін өтінішхат бере алады, - дейді маман.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар