Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әкесінің туыстарының үйіне барған": Ақтөбе облысында үш жасар қызды зорлаған

"Әкесінің туыстарының үйіне барған": Ақтөбе облысында үш жасар қызды зорлаған
Сурет: ulanmedia.ru
Анасы қызын дәрігерге апарған, ол оның жарақаты барын анықтаған

Ақтөбе облысында үш жасар қыз зорланғаны туралы Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. #НеМолчиKZ қорына бүлдіршіннің анасы айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құқық қорғаушының айтуынша, бүлдіршіннің анасы күдіктінің жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Өйткені ол бұрын полиция қызметкері болған және әкімдікте басшының орнында отырған.

«Түнде бізге бір әйел келіп, үш жасар қызының зорланғанын айтты. Анасының айтуынша, әкесінің туыстарының үйіне барған қыз келгеннен кейін өзін ағасының ренжіткенін жеткізіп, үстінен шағымдана бастаған. Сөйтіп анасы баланы ауруханаға апарса, дәрігер жарақаты барын растайды. Анасы дереу полицияға арыз жазады, бірақ күдікті ақша төлеп құтылып кете ма деп қорқады. Оның айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болған, тіпті әкімдікте басшылықта отырған. Оны ауылдағылардың бәрі таниды, көбісімен байланысы бар. Ешкімге сене алмайсың. Оның үстіне анасы тергеу амалдарына баруға қорқады, өйткені ол өз өмірі мен қызының өмірінен қауіптенеді. Қызда психологиялық жарақат бар, мұны психолог растады»,- деп жазылған хатта.

Айта кетсек, Ақтауда оқушы қызды күзетшінің зорламақ болғанын хабарланған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар