Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар маусымдағы Құрбан айтта неше күн демалатыны айтылды

Қазақстандықтар маусымдағы Құрбан айтта неше күн демалатыны айтылды
almaty.tv
Мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні келеді

Қазақстандықтар маусым айында Құрбан айтты тойлайды. Еңбек министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп Құрбан айтты бекітіп, ол күндерге демалыс деп жария етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осылайша қазақстандықтар Құрбан айтта 3 күн демалады: 15, 16 және 17 маусым.

Ал маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады:

1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады:

1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.

Айта кетейік, мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеулер жыл сайын шамамен 10 күндік айырмашылықпен өзгереді.

Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы “Құрбан мейрамы” дегенді білдіреді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар