«Жақынымды жерлейтін жер жоқ»: Алматы облысының тұрғындары зиратта орын жоқ екенін айтуда
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 мамыр, 2024
- 504
Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары "жақынымды жерлейтін жер жоқ" деп шағымданды. Олардың айтуынша, зиратта орын таусылғанына 2 жылдан асқан. Жұрт марқұмды жер қойнына тапсыру үшін көрші ауылдарға апаруға мәжбүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, Талғарда 50 мыңға жуық тұрғын бар. Жазық жерде орналасқан елді мекенде марқұмды жерлейтін орынның табылмауы жұртты қынжылтады. Жұрт шулап жүріп бұған дейін де әкімдікке барған. Шағымдарын айтқан. Ондағылар тау бөктерінен орын беріпті. Ал ол жерге көтеріліп, түсу оңай емес дейді тұрғындар.
"Өмір бар жерде өлім бар, оны екі жақты да ойлауымыз керек.Тау 20 гектар оған жаяу адамның өзі әрең шығады, мәшине емес, машинемен апарса мүрдені көтеріп шығу керек. Тауда бір жағы еңіс, бір жағы биік көтеріп шығу үшін жан жағынан адамдар керек. Оны берген адамдар не ойлағанын білмеймін.", - дейді ауыл тұрғыны Бекей Ақтыхалықов.
Жауаптылар елді мекен аумағындағы қорымның тарылғанын мойындайды. Мәселені шешуге тырысып жатқандарын жеткізді.
"Әкімге ұсыныстар айтылды, екі бейіттің ортасындағы жол 8 - 10 метр екен. Соны кішкене реттеп беруге болады.Енді осы былтыр күзде жіберілді преписаниялар. Жер ресурстарын басқару бөлімімен енді күзге дейін шешіліп қалады",- дейді Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрғали Тұрманбетов.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024