Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Минут сайын түсірген 27 бейнежазба»: Айжан Аймағанова Бишімбаевтың сотта жіберген қателігін айтты

«Минут сайын түсірген 27 бейнежазба»: Айжан Аймағанова Бишімбаевтың сотта жіберген қателігін айтты
Бишімбаевтың телефонынан ұзақтығы 1-2 минуттық видеолар шыққан

Прокурор Айжан Аймағанова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесі кезіндегі ең басты қателігін атады. Ол телефонға түсірген видеоларын ұмытып кеткен. Бұл туралы Аймағанова алғаш рет «Tengri TV» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Экс-министр прокурорларға еш ойланбастан телефонының паролін беріп қойған.

«Оның ең басты қателігі – бізге телефонының паролін беруі еді. 27 видео ортаға шықты. Ол әр минут сайын түсірген. Ұзақтығы да сондай: 30 секунд, 1 минут және 2 минуттық видеолар. Оның мас болғаны соншалық, түсірген бұл бейнежазбалары туралы ұмытып кеткен», – деді прокурор сұхбатында.

Оның сөзінше, Бишімбаев мұндай жазбаларды тұрақты негізде жасаған болуы мүмкін.

Сондай-ақ, ол сотта эмоцианалды түрде өз-өзін ұстай алмағанын да айтты. Ол өз еркінен тыс болғанын және кейбіреулердің бұл қылығы кәсібилікке жатпайды деген сөзіне келіспейтінін түсіндірді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар