Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ізін кетіретін бір нәрсе бар»: Әйелдің өмірінде қанша еркек болғанын қалай білуге болады?

«Ізін кетіретін бір нәрсе бар»: Әйелдің өмірінде қанша еркек болғанын қалай білуге болады?
Сурет: Видеодан скриншот
Отауына қабылдамас бұрын 40 күн бойы боз биенің сүтіне шомылдырып, 40 күннен кейін ғана отауына кіргізген екен.

Әйелдің қанша еркекпен жыныстық қатынасқа түскенін білуге болады. Мұны қазақ ерте заманнан білген екен. Бұл туралы әлеуметтік желідегі «Сиқырлы таң» Instagram-парақшасында айтылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, бұрынғы кезде әйелді боз биенің сүтіне 40 күн бойы шомылдырған екен.

«Осыдан 7-8 жыл бұрын Америкалық ғалымдар ғылыми түрде медициналық тараптан талдаулар жасау арқылы білуге болады деді. Ізін кетіретін 1-ақ нәрсе бар екен. Ол ферменттер жылқының еті мен сүтінде бар екен дейді. Ал енді ойлаңызшы бұрын қалмақ-жоңғармен үлкен жаугершілік замандары кезінде бір-бірінің сұлу әйелдері бар десе, арнайы сол батырдың ауылын шауып, әйелін әйелдікке алып кетеді екен. Бірақ сәті түсіп сол әйелді кейін қайтаратын болса, қазақ ешқашан отауына әйелді жайдан-жай қабылдамаған екен. Отауына қабылдамас бұрын 40 күн бойы боз биенің сүтіне шомылдырып, 40 күннен кейін ғана отауына кіргізген екен. Сонда бәлен ғасыр бұрын осыны білген қазақты қалай кейбір адамдар надан, топас деп айтуға ауыздары барады», - дейді автор.

Бұған қатысты желі қолданушылары неше түрлі пікірлер айтты. Тіпті кейбіреулері автордың айтқанымен келіспей, сүтке қанша шомылса да тазалануға болмайтынын жеткізді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар