"Қайрат Нұртасты ешуақытта тыңдап көрмедім": Қарағанды әкімі аялдамада ілініп тұрған әншінің жарнама парағына ашуланды (Видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 мамыр, 2024
- 2.2k
Қарағанды қаласының әкімі автобус аялдамасына жабыстырылған әнші Қайрат Нұртастың концертінің жарнама парағын көріп, ашуланды. Ол ендігіде мұндайға жол бермейтінін және жаза қолданатынын ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мейрам Қожықов әншінің пиар қызметімен байланысуға тапсырма беріп, желімді тазарту оңайға түспейтінін айтты.
«Өзіңіз елестетіп көріңіз. Тұрып жатқан үйіңіздің терезесіне хабарландыру қағазын желімдеп, жабыстырып кетсе, сіз алып тастайсыз, тазалайсыз, жуасыз, бірақ келесі күні тағы іліп кетеді. Ондай желімді ештеңемен жуып кетіре алмасыз. Ашуыңызға тие ме? Аялдамаларға жабыстырып кеткен қағаздар да тура солай менің ашуыма тиеді», - деп жазды әкім.
Әр аялдамада жапсырылған жарнама қағаздары қаланың көркін бұзатынын айтты. Сондай-ақ, хабарландыруларды аялдамаға ілгеннен гөрі әлеуметтік желіге таратқан әлдеқайда тиімді деді.