Қоғам

"10 жыл бойғы зорлық": дипломат Сәкен Мамаш неше жылға сотталуы мүмкін?

Ол барлық материалдың сараптамаға жіберілгенін хабарлады.

Әйелін жылдар бойы ұрып келген Сәкен Мамаш 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға сілтеме жасап, KYN.KZ тілшісі.

Ол барлық материалдың сараптамаға жіберілгенін хабарлады. 

Еске салсақ, мамыр айының басында дипломаттың әйелі Карина Мамаш 10 жыл бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көріп келе жатқанын мәлімдеп, көмек сұраған еді. Артынша Сәкен Мамаш шұғыл елге қайтарылып, қызметінен босатылды. Ол Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған. Құқық қорғау органдары оған қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ал Карина Мамаш қазіргі таңда балаларымен бірге Астанадағы дағдарыс орталығында. Бұған дейін, оны сұхбатын да жариялаған болатынбыз.