Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда облысының әкімі ат жарысынан озғандарға көлік мінгізіп мақтанды

Қостанайда облысының әкімі ат жарысынан  озғандарға көлік мінгізіп мақтанды
ашық дереккөз
Ал көліктен бөлек жарыста белсенділік танытқандар қомақты қаржыдан алды
Бұл жайлы жергілікті  «Наша газета» басылымына сілтеме жасай отырып KYN.KZ  хабарлайды. Ипподромның Қостанай қаласынан алыстығына қарамастан, онда адам саны әдеттегідей көп болды. Жарыс күні ҚР президентінің туған күні мен Астана күніне сәйкес келгендіктен, мерекелік көңіл-күй еселеніп, кәуап, балмұздақ және өзге де халықтық серуен ерекшеліктерімен өтті. Әдетте ат спорт түрлерінен жарыс шымылдығын қыз қуу ойыны ашатын, бірақ осы турнир халық ансамблі мен вокалистердің өнер көрсетіуімен басталды.  width= «Облыс әкімінің ашық кубогына қатысушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен: Ақтау, Астана, Қызылорда, Орал, Алматы қалаларынан келіп отыр. Қостанай облыстан үздіктер ретінде Жітіқара мен Қостанай ауданы жігіттері қатысуда. Ендігі турнир жоспар бойынша ат жарысы маусымының аяқталуына орай 6-қазан өтіледі. Алайда, Әулиекөл ауданының 90 жылдығына орай жоспардан тыс жарыс өткізбекші. Сонымен қатар, Амангелді ауданы тамыздың ортасында, Жалнгелди ауданы қыркүйектің басында ат жарыстарын ұйымдастырады», - деді ат спорты түрлері федерациясының вице-президенті Нұрбол Әбдірахманов.  width= 80-ге жуық салт аттылар әртүрлі қашықтықтағы бәйгелерге қатысты: тай жарыс (4 шақырым), құнан бәйге (8 шақырым), топ бәйге (12 шақырым) және аламан бәйге (24шақырым). Ипподромдық бір шеңбер 2 шақырымды құрайды. Аламан бәйге жеңімпазына «Асалия» ЖШС-і су жаңа «Фольксваген поло» автокөлігін сыйға тартты.  width= «Біздің облыс намысын Қамысты, Бестөбе, Жітіқара, Арқалық ауданының үздік шабандоздары қорғайды. Автокөліктен өзге ақшалай жүлделер де қарастырылған. Темір тұлпарға Алу атты жылқыны тізгіндеген қостанайлық Бәйке және аттың қожайыны Владимир Кравец ие болды. Сонымен қатар, аламан бәйгеде ақшалай сыйлықтар табысталды: 2-ші орынға - 500 000 теңге, 3-ші орынға - 200 000 мың теңге», - деді өз сұхбатында ат спорты федерациясының хатшысы Руслан Тәнкібаев.  width= Алғашқы жарыста бәйге басында алда келе жатқан жас шабарман сайыстан шығып кетті. Оның аты бұрылысқа кіре алмай, кедергіледі қағып, жайлауға қарай шауып кетті. Олардын артынан жедел жәрдем көлігі шығып, бір-екі адам жүгіре түсті. Алайда, жарыс бір минутке де тоқтаған жоқ. Жас шабандоз аттан құлағанымен, өміріне қауіп жоқ.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар