Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Балабақшада тұншықтырып, ұрған": баласының видеосын көрген анасы талып қалды (ВИДЕО)

"Балабақшада тұншықтырып, ұрған": баласының видеосын көрген анасы талып қалды (ВИДЕО)
Тағы бір кадрда өзімен өзі отқан қызды жұлқылап, ұрғанын көруге болады.

Балабақшадағы баласын тұншықтырып, ұрғанын көрген анасы талып қалды. Видео İnstagram әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

@abdulla_kz_kz аккаунты иесінің мәліметінше, оқиға Жетісу облысы Жаркент қаласы Молодежка ауылындағы "Жаскент" балабақшасында болған. Кадрда бала күтушісі балалардың түскі ұйқысы уақытында кішкентайлардың бірінінің төсегіне отырып, екіншісін аямай ұрып жатқаны анық көрінеді. Автор "Бұны көрген анасы талып қалды" деп жазып, әйелді айнала қоршаған бірнеше адамның видеосын бөліскен. 

Тағы бір кадрда өзімен өзі отқан қызды жұлқылап, ұрғанын көруге болады. 

Желі қолданушылары тәрбиешіні жауызға теңеп, оның қатаң жаза алуын талап етіп жатыр. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар