Қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады: 16 мамырға ауа-райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2024
- 1.0k
Қазгидромет синоптиктері бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклоны және соған байланысқан атмосфералық фронттар әсер етеді.
Оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады.
Ал еліміздің солтүстік өңірінде жауын-шашын жоқ, күн ашық болады.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыс пен орталықта тұман түсуі ықтимал.
Жетісу облысының Алакөл ауданында кей уақытта жел екпіні 30 м/с асады.
Түнде Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2-3 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.