Қоғам
Мұғалімдердің еңбек демалысына қанша төленетіні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2024
- 19.0k
Мұғалімдердің жалақысы мен демалыс ақысы, оның біліктілік санаты және еңбек өтіліне байланысты екені айтылды
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева ОКҚ алаңында өткен брифингте еңбек демалысының төлемі қалай есептелінетіні жайында түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына шығатынын және экологиялық апатқа жататын өңірдегі ұстаздар 65 және 66 күн демала алатынын айтты.
“Мұғалімдердің еңбек ақысы Үкіметтің қаулысымен реттеледі. Осы ретте еңбек ақысы мен еңбек демалысының төлемі мұғалімнің жүктемесіне, біліктілік санатына және еңбек өтіліне байланысты болады. Осы жиынтық бойынша оның жалақысы мен демалыс ақысы есептелінеді, - деп түсіндірді вице-министр брифингте.
Айтуынша, бұл сұрақтар тарифке байланысты жеке-дара есептеледі.