Бишімбаевтың адвокаты алғаш рет үкімге қатысты пікірін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2024
- 1.1k
13 мамыр күні өз әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтірді деген айыппен Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Сотта экс-министрдің қорғаушысы болған Ерлан Ғазымжанов алғаш рет үкімге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол үкімге қатысты апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
«Біз апелляциялық шағым түсіреміз. Сот үкімін апелляцияға беруді көздеп отырмыз. Қорғаушы тараптың айтуынша, судья өрескел процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берген»,- деді адвокат.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың 24 жылға сотталуына байланысты да пікірін білдірді.
«Қорғаушы тарап айғақтардың жоқтығына орай азаптау бойынша Бишімбаевты ақтап, оны адам өлтіргені үшін емес, абайсызда өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп тану керек еді деп есептейді. Бұл бапта айыпталушыны (ҚК 106, 3-бөлігі) 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осылайша, заң бойынша Бишімбаев осы мерзімге жазалануы керек», - деп сөзін аяқтады Ерлан Ғазымжанов.
Адвокат сөзінің соңында үкім жарияланғаннан кейін өзінің қорғаушысын көруге СИЗО-ға барғанын айта кетті.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024