Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты
Сурет: Akorda.kz
Бүгін 17 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.

17 мамыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Алайда, Мемлекет басшысы атап өтуді жөн санамайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент кеңесшісі Берік Уәли мәлім еткендей, бұл күн Қасым-Жомарт Тоқаев үшін әдеттегідей жұмыс күнімен тең. Ол жұмыс орнында болады. Туған күнге байланысты ешқандай іс-шаралар жоспарланбаған. Тіпті әкімшілік қызметкерлерге дейін құттықтамауды сұрайды.

Айта кетсек, өткен жылы да Мемлекет басшысы осы ұстанымда қалған.

«Бұл Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың, ата-аналарының туған күнін атап өту әдетке айналмаған», - деп түсіндірді Берік Уәли.

Бүгін 17 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар