Найзағай, жаңбыр: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2024
- 712
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды: найзағай мен жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.