"Асылым әлі табылмады": Түркістан облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2024
- 7.8k
Түркістан облысы Сіргелі ауылында 3 жасар қыз жоғалды. 48 сағаттан асса да балақайдың отбасы сәбилерінен әлі хабар ала алмай отыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Асылым әлі табылмады. Таңертең кішкентай қыздың жоғалғанына 48 сағат болады. 16 мамырда таңғы асты ішіп біткен сәтте үлкендер әрлі-берлі жиналғанша ізі-қайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді. Бір көшеде өзі 17-ақ үй; септик, құдық, подвал, шұңқыр бәрі қаралды.
Жақын маңда шағын канал бар екен, суын тоқтатып, 24 шақырым бойымен іздеу жұмыстары жүрді.
Асылымды білдім-көрдім деген адам жоқ. Табан астында ізі-қайым жоқ болды.
Белгілі экстрасенс “Алысқа бармаңдар, сол ауыл шетіндегі су (шұңқыр, подвалды) қарасын” дейді. Егер, қыздың затын (киімін, ойыншығын) қолыма ұстасам нақты айтар ем деп қосты.
Қазір ауыл адамдары дәретханаларды сорғызып қарап жатыр. Түн тыныштығын беріп, таңға жақсы хабар естиікші! Бір әулеттің қуанышы, отбасындағы 5 баланың кенжесі Асылым дін-аман табылса екен", - деп жазды журналист жеке парақшасында.