"Атамның басына 200 мың теңге төлеймін": Ырысбала ұлының қолын балабақшада тістеп алғанын айтып, ашуға булықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2024
- 523
Қоғам белсендісі, қайырымдылық жасаумен танылып жүрген Ырысбала Икрамбай ұлының балабақшасына көңілі толмайтынын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Айына балабақшаға 200 мың теңге төлеп отырғанын жазған ол қанша рет ескерту жасаса да балабақша 3 айдан бері "міне жасаймыздан" әрі аспай жүр екен.
"Қолынан тістеп алған, соның кесірінен шошып, жылап, қайта-қайта оянып жатыр. Ісім сендермен болсын енді. Балаларға қарамайтын болсаңдар, балалар бір-бірін ұрып, тістеп, өз бетімен жүретін болса, атамның басына балабақша болып, ақшасын алып отырсыңдар, оған қоса арзан емес, айына әр балама 200 мың теңге төлеймін. Балаларым бұлай тістеліп, ұрынып, соғынып үйде де жүреді. Instagram желісінде немесе сөзбен ғана әдемі уәделерді үйіп-төкпей, іске көшеміз. Балаларымыз тістеліп келіп, түнімен шошып жатсын деп емес, дұрыс тәрбие алсын, әдемі орта қалыптастырсын, дамысын деп жібереміз", - деп жазды ол өзінің İnstagram әлеуметтік желідегі парақшасына.