Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үйін су басқан құлсарылықтарға өтемақы төлене бастады

Үйін су басқан құлсарылықтарға өтемақы төлене бастады
Егемен Қазақстан
Бірнеше күннен бері наразылық танытып келе жатқан тұрғындардың әзірге тек 15-не ғана өтемақы төленген.

Үйін су басқан Құлсары тұрғындарына өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

Өтемақы әзірге тек 15 тұрғынға төленген. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында хабарлады. 

Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісімшартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі. 

«Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады», - деді Жұмабек Қаражанов.

Тұрғындарға алдағы уақытта не істеу керегі жайлы да ақпарат берілді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар