Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанай облысында ашық жерлерде 70 градус ыстық болды

Қостанай облысында ашық жерлерде 70 градус ыстық болды
ашық дереккөз
Ал көлеңкелі жерлерде 45 градусты көрсеткен
Қырғызгидрометтің басшысы Зарылбек Итибаев Бішкектегі +60 градустан асқан аптап ыстықты Қазақстанның Қостанай облысымен салыстыра түсіндірді. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.
Оның айтуынша, 8 шілде күні Қырғызстанның оңтүстігінде күн түсетін жерлерде +60…+64 градус, ал көлеңкеде +40 градус болған. Ал Бішкекте ауа температурасы 64 градустан жоғарылаған. Итибаев 9, 10, 11 шілдеде ел астанасында температура +60 градустан жоғары болатынын атап өтті. "Аптап бізде ғана емес. Мысалы, 8 шілдеде Қазақстанның Қостанай облысында ашық жерлерде ауа 68-70 градусқа дейін қызды", — деп мәлімдеді Итибаев. Қырғызгидрометтің мәліметінше, Қырғызстандағы аптап ыстық 20 шілдеге дейін басылмайды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар