Шымкент тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді. 24 жастағы жас ана мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған.
Дүниеге келген сәбилердің үшеуі де — ұл бала. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді.
НӘрестелердің бірінің салмағы — 1580 грамм болса, екіншісі — 1640 грамм боп дүниеге келді.
Ал үшінші сәбидің салмағы — 1610 грамм.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлер үшемді алдымен жансақтау бөлімінде бақылауда ұстағанын, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға ауыстырғанын айтты.
Салмақ қосып, жағдайы жақсарған сәбилер мен жас ананы бүгін перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйіне шығарып салды.
Айта кетейік, Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед — жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген төртінші үшем.
Биыл қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы — ұл болса, 5334-і — қыз. Егіздердің саны — 107.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024