"Пышақпен тіледі": алматылық келіншек өзін тоқалдыққа алған күйеуінен қалай зәбір көргенін айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2024
- 2.8k

Алматылық әйел қызының бірнеше жыл тоқал болғанын, бүгінде қыз жиені бар екенін айтып "Көреміз" бағдарламасына келді. Күйеу баласынан әбден зәбір көргенін айтқан ол құқық қорғаушы органдардан көмек сұрайды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Көзі көгерген, жағы көгерген, аяқ-қолының бәрі көгерген. Денесін пышақпен тіледі. Күйеуі ұрған. Кафеде танысқан. Айбектің әйелі бар", - деген ол күйеубаласының ресми некедегі әйелімен бірге қызының да тоқал болып, бір үйде тұрғанын баяндады.
Сондай-ақ келіншектің анасы күйеубаласын "тиранға" теңеді.
Ал күйеубаласының әйелі болса, жолдасын "тиран" деп атауға қарсы.
"Егер менің күйеуім тиран болса, 6 баламмен отыратын ба едім?", - деді ол.
Өзінің тоқал болғанын баяндаған келіншек болса, күйеуімен кафеде танысқанын, оның алдымен өзін бойдақ ретінде таныстырғанын айтады.
"Көлікте отырғанда "бардачегын" ашып, "ажырасқан" деген қағазын көрсетті. Басында жақсы көрдім. Кете алмадым", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық әйел күйеу баласы ұрып соққанын айтып, қолындағы іздерін көрсеткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025