Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Дүниеден озды": Бауыржан Исаев өнеріне ресми тосқауыл қойғандар жайлы айтты (ВИДЕО)

"Дүниеден озды": Бауыржан Исаев өнеріне ресми тосқауыл қойғандар жайлы айтты (ВИДЕО)
Онымен қоймай, әншінің әндерін теларналар мен радиодан алып тастаған.

"Өмір түгіл өзімді де білмеймін" деп танылған әнші Бауыржан Исаев 2000 жылдары өзінің шығармашылығына әлдекімдердің ресми тыйым салғанын айтып, қазір олардың о дүниелік боп кеткенін баяндады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"ХАБАР" телеарнасынан шығатын "Хабар LIKE" жобасында Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші көпшілік алдына шықпауының себебін түсіндірді. 

"Ақпаратты жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма шектеу қойылған болатын ресми түрде. Ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер осыдан бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, тыйым салынған. Бүкіл өңірлер мен облыстарға менімен жұмыс істеуді тоқтатуды бұйрық ретінде шығарған", - деген ол сол кезден бастап өзін концерттерге шақырудың тоқтағанын айтты. 

Онымен қоймай, әншінің әндерін теларналар мен радиодан алып тастапты.

Ал Аман Тасыған өнерп иесінің бұл сұхбатын өзінің желідегі парақшасына салып, былай деп жазып қойды:

"Ертеде асауға тұсау салған екен. Бірақ мына өмір жалған екенін ұмытпайық. Бәрі артта қалған, Бауыржан мырзада музыкаға ерекше талғам". 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар