Ахметбек Нұрсила: Омар Жәлел Бишімбаевтан да қауіпті
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2024
- 1.2k
Белгілі кәсіпкер, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила көпшілікке сұрақ қойып, Салтанаттың өліміне кінәлі деп танылған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтан қарағанда Омар Жәлелдің қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Қоғамға Омар Жәлел қауіпті ме, Бишимбаев қауіпті ме? Омар Жәлел жүз есе қауіпті… Омар қоғамға қаншама жүйкесі бұзылған әке тәрбиесін көрмей өскен тірі жетім балаларды қосты! Омар қоғамда «Қыз бала маркер, қолданған соң лақтыра сал» деген құндылықты сыналай сіңірді. Омар қанша әйелді бала тапқызып, лақтырып тастау арқылы тірідей өлтірді. Омарды тыңдайтын мыңдаған жастарды өз құндылығымен санасын улап жатыр. Тағы не қосуға болады?», - деп жазды Ахметбек Нұрсила.
Айта кетейік, бұған дейін Омар Жәлел тойға шығындалатын қазақтарды сынап, шетелден мысал келтірген болатын.