Шымкент сыра зауыты Баян Алагөзованың күйеуінің иелігіне өтті
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2024
- 544
Атышулы Шымкент сыра зауытына белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов иеленді, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Дәлірек айтқанда, ол Шымкент сыра қайнату зауыты мен және 8 компанияға басшылық етпек.
«Бизнес-реестрге сәйкес, актив Тұрсын Алагөзовтың меншігіне бір апта (13 мамырда) бұрын өтті. Бұған дейін 2021-2024 жылдар аралығында зауытты Ғалымжан Есенов пен Марғұлан Сейсембаевтың бизнес-серіктесі саналатын Тимур Жаңабаев иеленген болатын. Жаңабаевқа дейін кәсіпорын «АТФ Банк» АҚ-ға тиесілі болды», – делінген Telegram-дағы Shishkin_like арнасының жарияланымында.
Айта кетейік, Шымкент сыра қайнату зауыты түрмеде отырған Тоқтар Төлешовке тиесілі болған «Шымкентпиво» ЖШС-нің мұрагері.
2016 жылы қарашаның 7-сі күні Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әскери сот Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге, дүние-мүлкін тәркілеуге, мемлекеттік марапаттарынан айыруға үкім кескен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдағы индустриалды аймақта жаңа өндіріс орындары ашылды
- авторkyn.kz
- 5 желтоқсан, 2024