"Өлсеңіз топырақ салуға келмеймін деп айтқам": әкесінің соңғы демін еске алған Иманбаева көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 мамыр, 2024
- 31.8k
Эстрада жұлдызы, актриса Айгүл Иманбаева әкесінің соңғы демі жайлы сөз қозғап, тыңдармандарын ойланып сөйлеуге шақырды. Өзінің бір кезедрі ашумен айтқан сөзінің орындалып қойғанын, сол үшін әлі күнге өкінетінін жеткізген өнер иесі көз жасына ерік беріп, өткенді еске алды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы әнші "Qazaqstan" телеарнасынан шығатын "1001 түн" бағдарламасындағы сұхбатында баяндады.
"Осы концертіме әкем батасын беріп кетті. Бәрінің кілті ашылғандай болды. Осы жасымнан бастап бәрінің кілті әкемнің қолында болған екен. Ол кісінің миссиясы аяқталғаннан кейін өмірден өтіпті. Құдай қабылдай қоя ма білмеймін ғой. Өлсеңіз топырақ салуға келмеймін деп айтқам. Сөзім қабыл болды. Шенген визасына тапсырып қойғам. Мен негізі Ангияда жүргенмін. Енді Франция жақын болғаннан кейін сәдениетімен танысқың келеді ғой. Сол себепті шеген визасына тапсырып, паспортым сонда жатты", - деген ол әкесінің қаралы хабарын естігенде шетелде болғанын айтады.
Десе де бірнеше күннен кейін құжатын алып, елге оралған. Сол кезде әкесінің зиратына барыпты. Эмоцияға берілген қызын анасы жұбатқан көрінеді.
"Кететін (ред. қайтыс болмай тұрып) кезде бір күн бұрын біздің үйде қонып, мамаммен тілдескен. Мамама "етіңді сағындым" деген. Ертесі күні мамам қалтасына ақша салып беріпті. Әкем далаға шығып, достарына звондап, "Гүлсім, мені әлі жақсы көреді екен. Маған дәріге деп ақша берді" депті. Кешірімнің құдыреті", - деп ол ата-анасының 40 жылғы өкпелерін бір мезетте ұмытқанын айтады.