2 баласын пәтерде тұншықтырып өлтірген әйел жайлы сотта тың деректер айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 мамыр, 2024
- 2.4k
Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған Бота Хамитқызына қатысты іс сотта қарала бастады. Алғашқы процесте айыпталушы соттың алқа билердің қатысуымен өтуін сұрады. Судья әзірге бұл өтінішті кейінге қалдырды, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Тергеудің мәліметінше, Шиелі ауданында бастауыш сыныптың мұғалімі болып істеген 30 жастағы келіншек күйеуіне ренжіп, Түркістан қаласына келеді. Ең алдымен, әйел ұлы мен қызын ойын орталығына апарып келеді.
Артынша жалдаған пәтерге әкеліп балаларын ұйықтатады. Кейін үш және төрт жасар бүлдіршіндерін бірінен соң бірін тұншықтырып, Шымкент қаласына қашып кеткен делінген еді тергеу істерінде. Сотқа Бота Хамитқызының күйеуі жәбірленуші тарап ретінде қатысты. Ал айыпталушының адвокаты психиатриялық сараптама тағайындауды сұрап отыр. Себебі, есі дұрыс ана өз балаларына қастандық жасамайды дейді.
"Жас баласын ешқандай ана өлтіруі мүмкін емес. Ол үлкен сұрақ. Қоғамның алдында тұрған үлкен мәселе. Осыған қатысты. Бұл бір емес, екі емес бірнеше рет кешенді сараптамадан өтсе дұрыс деп түсінеміз. Жан-жақты сот психиатриалық сараптама тағайындауыңызды сұраймыз",-дейді айыпталушының адвокаты айнагүл Рүстемова.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024