Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында жол ережесін сақтамаудың 25 түрін тіркейтін "Сұңқар" камералары қойылды

Алматы облысында жол ережесін сақтамаудың  25 түрін тіркейтін "Сұңқар" камералары қойылды
ДП Алматинской области
"Сұңқар" түнгі уатытта да рөлде телефон қолданғандарға дейін ұстап, айыппұл арқалатады.

Бір аптада 20 мың рет ереже бұзылған. Алматы облысында жүргізушіні күндіз де, түнде де анық көретін камералар пайда болды. Су жаңа «Сұңқар» құрылғысы әзірге көлік апаты жиі болатын Алматы— Көкпек — Көктал автожолында қойылған.

Камера жол қозғалысына қатысты заңбұзушылықтың 25 түрін тіркейді. Жылдамдықты асыру мен сызықты кесіп өтуден бөлек, жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпағаны, ұялы телефон қолданғаны, жарық шамын дұрыс пайдаланбағанына дейін анықтайды. Инфрақызыл прожекторының арқасында тас қараңғыда да суретке сапалы түсіре береді.

"Сұңқар" камераларын енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және өңір жолдарындағы бұзушылықтардың санын азайтуға бағытталған. Қазір мұндай кешен ең апатты учаскеде Алмты – Көкпек - Көктал автожолының 30 шақырымында орнатылған. Жақын арада осы тәріздес құрылғылар өңірдің автожолдарын басқа да қауіпті учаскелеріне қолданысқа енгізіледі",-деді Алматы облысы ПД ӘПБ бөлім бастығы Берік Дәкеев.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар