Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сағатының өзі 5 млн теңге": некесіз туған қызына алимент аз төлеу үшін жалған сөйлеген блогерге сот үкім шығарды

"Сағатының өзі 5 млн теңге": некесіз туған қызына алимент аз төлеу үшін жалған сөйлеген блогерге сот үкім шығарды
Сот қыз баланы Дархан Жолшыбековтың әкесі деп танып, блогерге айлық табысының төртте бір бөлігін төлеуге шешім шығарған.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айдана Сапарбекова есімді келіншек өзінің өсіріп отырған қызының әкесі Ж-ның танымал блогер екенін, табысты болса да баласына қарайласпайтынын айтып, шағымданған, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Сот қыз баланы Дархан Жолшыбековтың әкесі деп танып, блогерге айлық табысының төртте бір бөлігін төлеуге шешім шығарған. Алайда ол өзінің айлық табысын 70 мың теңге қып көрсетіп, 20 мың теңге ғана төлей алатынын жеткізген. Десе де Жолшыбековтың банк есепшотында қомақты қаражат бар екені, қымбат, бренд заттар сатып алып, туризм және демалу мақсатында елден тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды.

«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 141-бабына сай, ата-ана арасында кәмелетке толмаған бала үшін алимент төлеу туралы келісім болмағанда және алимент өндіріп алғанға барабар жағдайларда, ата-ананың табысы және өзге де табысы болмаса, қиналса немесе тараптардың бірінің мүддесін елеулі түрде бұзса, сот ай сайын белгіленген ақшалай сомада немесе бір мезгілде өндіріп алынатын алимент мөлшерін анықтауға құқылы”, – делінген хабарламада. 

Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және өзге де кірісі бар ата-анадан немесе жалақы мен өзге де кірісті толық немесе ішінара заттай алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.

Соттың шешімі бойынша, іс негізінде анықталған мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің басқа да кірістерін және баланың мүддесін ескере отырып, сотталушы Дархан Жолшыбековке қатысты 30 АЕК (110 мың 760 теңге) тұрақты сомада алимент өндіру туралы шешім қабылданды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар