Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Подпевка, подтанцовка" жасағаннан басқа не әні бар?": белгілі журналист төсбелгі таққан Аишаны сынады

"Подпевка, подтанцовка" жасағаннан басқа не әні бар?": белгілі журналист төсбелгі таққан Аишаны сынады
Журналист бұл марапаттың мәдениет саласы үшін ұятты болғанын айтады.

Эстрада жұлдызы Бүркіттің жары Аишаның "Мәдениет саласының үздігі" марапатын сынаған белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы оның бұл төсбелгіге мүлдем лайық емес екенін айтып, Facebook әлеуметтік желісіне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны тегтеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Опымай, бізде "тау-тау-тау" деп фонограммамен қазақша үш сөз айтып, тик-ток, инстаграмда қисалаңдап билей берсең "Мәдениет саласының үздігі" атанады екенсің-ау... не дауысы жоқ... күйеуіне "подпевка, подтанцовка" жасағаннан басқа, бір әні бар ма өзі? Естіпеппін...

Өзіміз 20 жастан тек театр, кино, әдебиет, мәдениет саласын шамамыз жеткенше зерттеуге тырыстық, жүздеген мақала жаздық, ондаған, жүздеген бағдарлама түсірдік, магистратураны оқыдық, бір академиялық театрдың тарихын түгендеп магистрлік диссертация жаздық, оны ықшамдап кітап қып шығардық, сол академтеатрға жаңа ғимарат керек деп жиырма жыл қақсап, оған қол жеткіздік...

Жүрген жерімізден тек "уволить!" деген бұйрықтан басқа ештеңеге қол жеткізбей, қолымызды бір сілтеп кете бердік...

Бес тонна бояу мен бес метр кірпік жапсырып алып, "көл-көл-көл" деп әндетіп, іш майымды бүлкілдетіп, тик-токта бөксе биін билеп жүре беруім керек еді...

Aida Balayeva , мынауың Мәдениет саласына үлкен ұят болды... Аишаға қарағанда мен он есе лайықпын ғой, маған берсең, бұлай ұятқа қалмас едің... атаққұмарлықтан немесе іштарлықтан айтып отырған жоқпын, елдегі сендер орнатқан әділетсіз жүйеге күйгендіктен айтып отырмын... атағың болмаса, үйімді жекешелендірмейтін топас заңдарыңа ашынғандықтан айтып отырмын...(( әйтпесе, маған десе аспаннан алтын орден жауса да, миығымнан күліп қойып, "құтты болсын! Жумайсыңдар ма?..." деп отыра берер едім...", - деп жазды журналист.

Айта кетейік, күні кеше Бүркіт жарының сүйінші жаңалығын әлеуметтік желі арқылы бөліскен болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар