"Мас күйде ұсталды": Астанада жүргізуші куәлігі жоқ полиция майоры қамаудан құтылып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 мамыр, 2024
- 407
Ақмола облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының майоры Қанат Жанаев Астанада мерзімі өткен жүргізуші куәлігімен мас күйде ұсталды, деп жазады KYN.KZ тілшісі Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
"Айыпталушы 608-баптың 6-бөлігінде көзделген (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ж-ға қатысты іс материалдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін Ақмола облысының полиция департаментіне жолдансын", –делінген Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысында.
Оқиға 4 мамыр күні Астанада болған.
Таңғы сағат 3.16 шамасында полицейлер Қошығұлұлы көшесінің бойында "Тойота" көлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші Жанаевтың көлік құралын басқаруға рұқсаты жоқ және көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.
Кейін Жанаевтың полиция майоры, Ақмола облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары оған әкімшілік хаттама жасап, сотқа жіберді. Сот процесінде Жанаев кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін, ал жаңасын рәсімдеуге үлгермегенін түсіндірді.
Судья оны кінәлі деп тапты, бірақ құқық бұзушы құқық қорғау органынының қызметкері болғандықтан, оны әкімшілік қамауға алынбады.
"Жанаев Қанат қызметтік тергеу нәтижесі бойынша теріс көрсеткіштерімен полиция департаментінен (ішкі істер органы) босатылды", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024