"Қайталанса, полиция шақырамын": Назым Қаһарман балаларына келгіштеп жүрген Бишімбаевтың туыстарына мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 мамыр, 2024
- 1.9k
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында балаларына келгіштеп жүрген бұрынғы қайын жұрты жайлы мәлімдеме жасады. Келгіштеп кеткен Бишімбаевтың туыстарын ол келесіде полиция шақырамын деп қорқытты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Балалар 18 жасқа дейін сіздердің сөздеріңізді, пікірлеріңізді тыңдамайды. Егер қаласаңыздар, қазірден бастап арыз жазыңыздар, сосын біз қарым-қатынас құралын белгілейік. Егер қаламасаңыздар өздеріңіз біліңіздер. Балаларымды дүние-мүлік үшін жібергім келмейді.18 жасқа дейін қалағандарыңды істетіп, оларға дүние бергендерің керек емес. Жоқ-жоқ. Мен қазір сіздермен сөйлескім келмейді. Қаласаңыздар адвокат жіберіңіздер. Талап-қызметтер жайлы сөйлесейік. Енді тағы осылай қайталайтын болсаңыздар полиция шақырамын", - деді ол.
Айта кетейік, күні кеше ол әлеуметтік желідегі оқырмандарының балалары жайлы сұрағына жауап берген.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024