"Санасын зорлық-зомбылықпен мазалап": Бишімбаевтың балаларын енді әкесі де, ата-әжесі де көре алмайды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 мамыр, 2024
- 919
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесі және ата-әжесімен кездесуіне қарсы, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап ретінде айтты.
«Сіз болашақта балаларыңыздың ата-әжесімен, әкесімен араласуына рұқсат бересіз бе?» деп сұраған оқырмандары. Назым Қаһарман бұл сұраққа үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап берген.
«Жағдайдың бәрін ескере отырып «ЖОҚ» деймін. Балаларымның жүрегі мен санасын зорлық-зомбылықты ақтау туралы ойлармен мазалағым келмейді», - деп жазды Назым Қаһарман.
Еске сала кетейік, Назым Қаһарман мен Қуандық Бишімбаевтың ортақ некелерінен 3 бала бар. Бишімбаев Нүкенованың өліміне қатысты кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айрылды.