Қоғам
"Қиын болды, уайымдадық": Бишімбаевтың сотындағы прокурор қылмыстық іске қатысты пікірін айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 мамыр, 2024
- 876
Прокурор 6 жылдық жұмыс өтілінде 300-ден астам қылмыстық істі қараған.
Астана қаласының прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Саяхат Нұрбеков Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдіріп, сұхбат берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ulysmedia YouTube арнасында прокурор 6 жылдық жұмыс өтілінде 300-ден астам қылмыстық істі қарағанын, солардың ішінде алғаш рет соттың тікелей эфирде өткенін және бұлай өтуі әділ шешім шығаруға себеп болғанын айтады.
“Аталған сот отырысының ашық түрде өтуі әділ шешім шығаруға кепіл болды. 2023 жылы 9 қарашада аталған оқиға орын алғаннан кейін, басшылық құрам маған бұл істі сеніп тапсырды.
Сот отырысын тікелей эфирде жүргізу алғашында қиын болды. Біз уайымдадық. Кейін бұл жағдайға да үйрендік. Себебі біздің қызметімізде кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек",- деді ол.