Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қарындас, түсіп қалшы": қызды көлігімен алып қашқан жігіт ата-анасынан рұқсат ала алмай, бойжеткеннен құтылу үшін жалынды (ВИДЕО)

"Қарындас, түсіп қалшы": қызды көлігімен алып қашқан жігіт ата-анасынан рұқсат ала алмай, бойжеткеннен құтылу үшін жалынды (ВИДЕО)
Қызды алып қашқан жігіт болса өздерінің жағдайы жоқ екенін, егер үйленсе, көлігін сатуға мәжбүр болатынын, бірақ көлігін сатқысы келмейтінін айтады.

Әлеуметтік желіде бойжеткенді алып қашып алып, құтыла алмаған жігіттің видеосы тарады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Кадрда көлік жүргізіп келе жатқан бала өзі алып қашқан бойжеткенге барынша ақталып, оны көлігінен түсіру үшін әр нәрсені айтып жалынады. 

"Қарындас, ренжімеңізші, әке-шешем рұқсат бермей жатыр. Оның үстіне қалың малға да ақша жоқ екен. Біздікі балалық болып қалды. Мамам да полицияда істейді. Ол да жазады. Соттатады", - дейді ер бала.

Ал қыз бала болса "Мен де айтып қойдым ғой үйдегілерге "мама, іздеп келіңдер деп, қуғыншы жібересіңдер" деп", - дейді. 

Қызды алып қашқан жігіт болса өздерінің жағдайы жоқ екенін, егер үйленсе, көлігін сатуға мәжбүр болатынын, бірақ көлігін сатқысы келмейтінін айтады.

"Байқамай қалдым. Көп те болған жоқ қой сөйлескенімізге, қарындас. БІр апта ғана сөйлестік қой. Мамам ұрысып жатыр ғой енді. Болды, үйге жетіп қалдық. Түсші қарындас", - дейді Ол жалына. 

Ал қыз болса, қолмен істегенді мойынмен көтеру керек екенін, істі соңына дейін жеткізуге міндетті екенін айтады. 

Айта кетейік, оқиғаның қашан және қай жерде болғаны белгісіз. Тек олардың диалектісі Түркістан, Шымкент жаққа келетіні анық. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар