Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димашқа әлем елдерінен келген тыңдармандары ерекше тосын сый жасап әншіні таң қалдырды (ВИДЕО)

Димашқа әлем елдерінен келген тыңдармандары ерекше тосын сый жасап әншіні таң қалдырды (ВИДЕО)
Инстаграм
Димаш Құдайберген "Бешікташ" алаңында үлкен концерт берді.

Әнші 25 мамырда Instagram-дағы парақшасында Ыстамбұлда (Түркия) өткен концертінен түсірілген видеоларды жариялады. Видеода әлемнің түрлі елдерінен жиналған мыңдаған жанкүйерлер "Махаббат бер маған, тағдыр" әнін шырқады.

Димаштың өзі болса, оларға сахнадан қолдау беріп, иығына Қазақстан Туын жамылып тұрды.

"Рақмет. Бұл таңғажайып түн болды. Рақмет, қымбаттыларым", – деп жазды Димаш Құдайберген желіде.

Димаштың ресми сайтында атап көрсетілгендей, бұл ерекше кездесу 24 мамырда Ыстамбұлдағы үлкен "Бешикташ" стадионында өтті.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар