Мектеп бітірушілердің бәрі дерлік қалаған мамандығына грант ұтып алуды мақсат тұтады. Әрине ҰБТ тапсыруға жылдап дайындалған оқушының еңбегі грантқа түскенде ақталары анық. Одан қалды соңғы жылдары ақылы оқу бағасы өте қымбат.
Оны біреудің отбасы тауып бере алса, екінші түлектің отбасы төлей алмауы мүмкін. Қазір заман талабына сай ең қажетті мамандықтарға грант көптеп бөлінуде. Оны ең маңыздысы IT саласы. Бұл мамандықты игерген адам жұмыссыз қалмасы анық. Өйткені өміріміз телефон мен электронды құрылғыларға тәуелді. Сауда жасасаңыз да, өз кәсібіңізді дөңгелетсеңіз де ауадай қажет сала.
Бұл мамандыққа 50 балмен де түсіп кетуге болады. Қазақстан бойынша 5 жоғарғы оқу орны осы салада мықты білім береді. Қазақстан нарығын өзіңізге "тар" санасаңыз әлемдік деңгейдегі компанияларда еңбек етіп жүрген қазақтар сізге мысал бола алады.