Экс-шенеунік байланысуға болатын қызға тән қасиеттер тізімін жазып, басы дауға қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 мамыр, 2024
- 574
Экс-шенеунік Бауыржан Мусин жігіттерге қандай қыздармен байланысуға болатынын айтып, арнайы маман тізімін көрсетті. Онда қыз баласына көптеген талаптар қойылған. Әрі қазіргі заманға сай ер мен әйел құқығы тең деген ұғым сырт қалған. Заңгер, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі,азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге осы тізімнің кесірінен көпшілік наразылығын білдірген, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Оның ұсынған тізімінше , әуелі қыз бала толыққанды отбасынан шығуы керек. Екіншіден, үсті-басында татуировка болмауы тиіс. Қыздың артынан сөз ермей, біреумен жүрген-тұрғаны, өткен өмірі бұлыңғыр болмауы міндет екен.
Оған қоса, экс-шенеунік тізімінде қыздар балгер, бақсы атаулыға сенбеуі керек деген.
Еске салсақ, Бауыржан Мусин 2018 жылы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған болатын. Бұдан бөлек Нүкенованың қазасы бойынша Қуандық Бишімбаевтың сотында Бауыржан Мусиннің есімі аталды. Онда Марқұмның ағасы Айтбек Мусин Бишімбаевпен сөйлесу үшін тергеу абақтысына келгенін айтқан. Ал, Бишімбаевтың інісі Байжанов сотта Мусиннен қысым көргенін айтқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024