Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

19-дағы жігіт 17 жастағы мектеп бітірген қызды 83 жерден пышақтап өлтірді

19-дағы жігіт 17 жастағы мектеп бітірген қызды 83 жерден пышақтап өлтірді
tvsamara.ru
Маңдайына бесбұрыш бейнесін салдырған жігіт өзінің қылмыстық идеологиясы бар, тыйым салынған топ мүшесі екенін мойындаған.

 Бұл оқиға Ресейдің Самара қаласында болған. 19 жастағы жігіт өзі ұнатқан 17 жастағы мектеп бітірген түлекті аяусыз, аса қатыгездікпен өлтірген. Олар қылмыс болған күні күдіктінің ағасының үйінде болған, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі tvsamara.ru-ға сілтеме жасап.

Полиция тергеу алды мәліметінде қыз бен жігіттің 24-і мен 25-ші мамыр аралығында күдіктінің Самара қаласында орналасқан, ағасының  пәтерде болғанын айтқан. Алдын ала мәлімет бойынша 19 жастағы күдікті бойжеткенген 60-тан асатын пышақ жарақатын салған. Жігіт сол түні ұсталған. Бойжеткен сол жерде жан тапсырған.

 Ұсталған жігіт өзінің қылмысты қолдайтын, тыйым салынған топтың мүшесі екенін мойындаған. Ол Тольятти қаласының тұрғыны екен. Оның бүтін денесінде түрлі суреттер бейнеленген татуировка. Ең көзге түскені маңдайына бесбұрыш бейнесін салдырған екен.

Ол полиция келген сәтте қылмысын мойындаған. Және оның себебін де атапты. Сөзінше мұндай қатыгездікке  аффект жағдайында барған.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар