Қостанайда 57 жастағы азамат 12 жасар өгей немересін зорлаған
- автор kyn.kz
- 27 мамыр, 2024
- 2.0k
Қостанайлық әжейдің 57 жастағы азаматтық некедегі күйеуі оның 12 жасар немересіне көз салып, азғындық жасап, ақыр соңы зорлаған. Ол қыздың әжесімен 15 жылдан бері бірге тұрады екен. Ол өзінің жымысқы әрекетін осы жылдың қаңтарынан бастаған көрінеді.
"Ол бірінші аузымнан сүйіп жүрді. Кейіннен жейдемді шешіп кеудеме тиісті. Сосын ішкиімімді шешті",-дейді қыз.
Біреуге тіс жарып айтар болсаң оңдырмаймын деп қорқытқан.
" Біреуге осы жайлы айтатын болсаң анаңа және өзіңе қиын болады",-депті шал қызды қорқытып.
13 сәуір күні өгей ата қызбен үйде жалғыз болған. Ол түгел шешініп жүрген. Сол кезде оқушы оны сыртынан түсіріп алып, қара кешке дейін жұмыста жүретін анасын күткен.
Қыз анасына барлық жайтты айтқан. Бүгінде қылмыстық іс қозғалды. Ер адам тергеу абақтысында. Қыздың анасы мен өзі уақытша қолдау орталығында. Ал әжесі болса, өгей атаны қорғау үшін адвокат жалдап, отбасы екіге бөлінген.