Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңаөзенде түлектер ұстазына 3 бөлмелі пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Жаңаөзенде түлектер ұстазына 3 бөлмелі пәтер сыйлады (ВИДЕО)
Kyn.kz
40 жыл ұстаздық еткен мұғалім түлектердің сыйлығын көріп жылап жіберді.

Жаңаөзен қаласында 2004 жылғы түлектер "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірігіп, өз ұстазына үш бөлмелі пәтер сыйлады.

35-36 жастағы қыз-жігіттер 20 жыл бұрын қаладағы 10 мектебін бітірген. Биыл барлығы жиналып, физика мұғалімі Гүлнәр Қарақойшиеваға тосын сый жасады. Жастарға 40 жылдан бері білім беріп жүрген ұстазға үш бөлмелі пәтердің кілтін 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады.

Гүлнәр Қарақойшиева күтпеген жерден жасалған сыйға қатты қуанып, шәкірттеріне ризашылығын айтып, көзіне жас алды.

Демеушілер мен қайырымдылық қорының өкілдері де баспана иесіне өз сыйлықтарын жасады.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар