Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Блогер қыздарға мүлдем үйленбеу керек»: белгілі имам көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)

«Блогер қыздарға мүлдем үйленбеу керек»: белгілі имам көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ол әйел дәрісті көпшіліктің алдында ғана емес, тек қыз-келіншектерге ғана оқуы тиіс екенін алға тартты.

Көпшілікке уағыз айтып жүрген Жарқын Мырзатай жігіттерді блогер қыздарға үйленбеуге шақырды. Оның айтуынша, блогер арулар ешуақытта әйел бола алмайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. Ол әйел өзінің сұлулығын ешкімге көрсетпеу керек екенін алға тартты.

«Жігіттерге айтып жатырмын. Блогер қыздарды мүлдем алмау керек. Өйткені 10 мың жазылушысы бар қыз саған қатын болып жарытпайды. Олар лүпіл үшін бәрін істейді. Бүкіл сұлулығын интернетке салып жүрген қыздар ертең сенің үйіңде қатын болып жарытпайды. Алмау керек оларды. Түріне қызығып аласың ба? Өмір бойы қызғанып өтесің оны. Ол сорлылар интернеттен видеоларын алып тастап та үлгермейді ғой. Тарап кеткен ғой. Хиджап киіп алған болса да. Сұлулығын көрсетіп неге шығады? Ақыл айтып жүргендер бар. Әйел адамның жеке өзінің каналы болса, тек әйелдермен дәріс өтсе басқа. Бүкіл Қазақстанға еркектер көретін жерге шығып, әйелдерге уағыз айтуға болмайды. Рұқсат жоқ. Сен оның уағызын тыңдап отырып «мынау сұлу әйел екен» деп отыра бересің. Өйткені еркек пенде ғой. Біреулер сен олай ойлама дейді, бірақ мен импотент емеспін. Сұлу қатын шықты ма, мен ойлай беремін», - дейді имам.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар