Қыздарға интим ұсынғаны үшін көпшілікке жақпай қалған Еспановтың ұлы енді әншілікті қолға алды
- автор kyn.kz
- 28 мамыр, 2024
- 771
Әнші Нұрлан Еспанов ұлы Олжас Еспановтың өнерге келуіне неге қарсы болғанын айтты. Ол шығармашылық саладағы қиындықтарға қатысты "Оян" бағдарламасында баяндады.
Сұқбатта Нұрлан Еспанов ұлын дүйім жұртқа ресми таныстыруға келгенін бірден мойындады. Ол Олжастың өнерге қашан бет бұрғанын да жасырмай айтты.
"Баламның ""Ол – жас махаббат" деген кітабы шықты. Жақсы жұмыс істеп жүрді де, жақында маған келіп, "ән айтамын" деді. Содан менің "Сағыныш" атты әнімді айтып шықты", - деді ол.
Эстрада жұлдызы бастапқыда ұлының шығармашылықпен айналысқанын қаламаған болып шықты.
"Негізі өнер жолы – өте ауыр жол. Ешкім бал жеп жүрген жоқ. Халықтың көңілінен шығу, сенімін ақтау оңай емес. Сырттан білінбейді, ал ішінде жүрсең, өте ауыр. Ән жаздыру, ән табу, ақынға бару, көпшілікпен араласу, халықтың алдына шығу өте қиын. Сол себепті мен баламды өнерден алыстатқанмын", - деді Еспанов.
Бұған дейін Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов желіде қыздарға интим ұсынғаны үшін ел талқысына түскен еді. Осы мәселеден кейін әншінің ұлын өзі еңбек етіп жүрген оқу орны жұмыстан шығарып жібергендерін мәлімдеген болатын. Енді Олжас Еспанов әншілікке бет бұрды.