Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Байжановтың адвокаты сотқа шағым түсірді

Байжановтың адвокаты сотқа шағым түсірді
dzen.ru
Адвокат 27 мамыр күні түстен кейін сотқа арыз түсірген.

Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев сотқа аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Адвокат 27 мамыр күні түстен кейін сотқа арыз түсірген. Ол Байжановқа берілген жазаның өте ауыр екенін айтады. 

"Ол жазаның ең ауыр түрін алып, төрт жылға бас бостандығынан айрылды. Жаза мерзіміне ғана емес, оның кінәлі екеніне де қарсы арыз жазып отырмыз. Өйткені бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ", - деді Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев.

Айта кетейік, Байжанов Нүкенованың өліміне қатысты сотта қылмысты жасырғаны үшін 432-бап бойынша кінәлі деп танылып, сотталған болатын. Сотталушы сот залында үкіммен келіспейтінін айтқан еді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар