Жезқазғанда 5 жасар бала қағып кеткен 5 адамның жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2024
- 620
Ұлытау облысында 5 жасар бала қағып кеткен 5 адамның жағдайына қатысты дерек шықты, деп хабарлайды Ұлытау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Көлікте отырған 5 жасар бала қол тежеуішін алып тастаған. Тешеуіші жоқ көлік, артқа қарай кетіп, бірнеше адамды қағып кеткен. Полиция департаменті жарақат алғандардың ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Сондай-ақ полиция істі тергеуді бастады.
"Полицияда жағдай тіркелді, зардап шеккендер жоқ, көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішін алып тастағаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді.
Ал Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға 4 адамның түскенін, төртеуінің де ішкі ағзасы жарақат алғанын айтады. Сондай-ақ ер адамның қабырғалары сынған.
Айта кетейік, 5 жасар баланың қыз баласы екені, оны тежегішті абайсызда алып тастағаны белгілі болды.