"Оңай болған жоқ": Қайрат Нұртастың әйелі қайта тұрмысқа шыға ма?
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2024
- 10.7k
Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Абдукаримова той көйлегін қайта киді. Көпшілікті ойландырып қойған өнер иесінің ақ көйлек киюіне не себеп болғаны белгілі болды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Ел не дейді?", Жұрт не ойлайды?"... енді мұндай сұрақтар мені мазаламайды. Шешім осылай болып тұр" деп жүре алмайды екенмін. Сахнада, эфирде, алдында жүргендіктен көрерменнің, оқырманның пікірімен санасу керек», деп сторис жүктеген Жұлдыз Абдукаримова екінші суретке "Араға жылдар салып, ақ көйлек кию оңай болған жоқ" деп жазды.
Өнер иесі алғаш ақ көйлек киген сәтін еске алды.
Тойдың болғанынан, боладысы қызық» дейді ғой, Алматыдағы әйгілі «Барахолка» базарына той көйлегін іздеп бардым. Ол жылдары 35-40 мың деген көп ақша еді. Әбден іздеп, көңіліме жағатынын таппай жүріп алдым. Бәрі бір-біріне ұқсайды, ұнамайды. Ең соңғы қатарға түсіп, шаршап, «осы жерден таппасам тіктірем» деп ойладым. Бір бутикке кіріп, бұрышта тығылып тұрған көйлекке көзім түсті. Өте әдемі екен, сол қатты ұнады. Етегі, кеудесі гүлмен көмкерілген, базар бойынша бір-ақ дана екен. Бағасы 40 мың екен, мен сатушыға «Алғаш рет тұрмыс құрып жатырмын, маған жеңілдік жасап беріңіздерші» деп өтіндім. Сатушы күліп, 35 мың теңгеге берді. Сол көйлек әлі күнге дейін бар. Араға жылдар салып қайта той көйлегін кию маған оңай болған жоқ», - деп жазды Қайрат Нұртастың әйелі.
Айта кетейік, Жұлдыз бұл көйлекті гүл дүкенінің жарнамасы үшін киген.