Имам: желіде тәнін жарқыратып, видеосы тараған әйел қатын болып жарытпайды (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 29 мамыр, 2024
- 462
Имам Жарқын Мырзатаев жақын күндері Блогер қыздардың шамына тиетін мәлімдеме жаған болатын. Көптеген блогер қыздар имамның сөзін алға тартып, өз жауаптарын берген еді. Ал имамның дау тудырған пікірі "желіде жартылай жалаңаш мыңдаған еркекке тәнін көрсеткен блогерлер қатын болып жатырпайды" деген болатын. Оған Ырысбала Икрамбайдан бастап аузына жүз мыңдаған адам қарап отырған блогерлер өз ойларын айта бастады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қатын қатындығын жасайды деген рас екен. Менің ойымды кесіп алып, орта жолдан дауға себеп етіп алмаңыздар. Айтқым келгені, жартылай жалаңаш, ер адамның алдына түсіп, тәнін әлемге көрсетіп ақылгөйсіген қыздар қатын болып жатыртпайды. Ол рас. Ал орамал тағып алып, елді сұлулығына сүйсінтуді мақсат тұтқан блогерлер де бар. Олар да мәз емес. "Әкеңнің ауызы" деп сөйлеу блогерлер үшін жай бір әдет, қарапайым сөз болып қалды. Оның мәні тереңде, өте анайы сөз ол. апаларымыз өзінен жиырма жас кіші ер адамның алдын кеспеген, сөзін бөлмек түгілі. Олар "Ер адамның киімін басып өткен әйел оңбайды" дейтін. Қазір мұндай тәрбие жоқ",-деді имам Жарқын Мырзатаев.